Қазақстан ЕАЭО шеңберінде кезекті тосқауылды жоюға қол жеткізді
ҚР сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың 11 шілдесінде ЕЭК Алқасы Қырғыз Республикасында ЕАЭО елдерінде өндірілген ауыл шаруашылығы техникасына қатысты қолданыста болған тосқауылды жойылды деп таныды, деп хабарлайды ҚР сауда және интеграция министрлігі.
Аталған тосқауыл әрекеті бойынша, Қырғызстанда өндірілген ауылшаруашылық техникасын сатып алу кезінде қырғыз фермерлеріне ҚҚС төлеуден босату берілді. Мәселен, ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін қазақстандық кәсіпорындарға Қырғызстан аумағында ҚҚС төлеуден босату үшін кедендік құны 500 000 сомнан аз (шамамен 2,6 млн теңге) тауарлар жеткізу қажет болады.
Бұл ретте қырғыз кәсіпорындары мұндай шарттарсыз ҚҚС төлеуден босатылды.
2021 жылы Қазақстан Республикасының бастамасы бойынша Қырғыз Республикасының аталған әрекеттерін ЕЭК Алқасы ЕАЭО ішкі нарығындағы тосқауыл ретінде таныды.
2022 жылы Қырғыз Республикасы осы тосқауылды жою мақсатында бірқатар шаралар қабылдады. Алайда, Қазақстан тарапының пікірінше, қабылданған шаралар Қырғыз Республикасында және ЕАЭО-ның басқа елдерінде өндірілген ауыл шаруашылығы техникасына салық салудың тең емес жағдайларын жою үшін жеткіліксіз болды. Тосқауыл сол қалпында қала берді.
Қырғызстан 2023 жылғы 3 сәуірдегі №78 заңымен Қырғыз Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізіп, онда ЕАЭО елдерінде өндірілген ауыл шаруашылығы техникасының құны бойынша шектеулер алынып тасталды, сондай-ақ ресми түсініктемелер берді.
ЕЭК алаңында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірқатар консультациялардың қорытындысы бойынша Тараптар тосқауылды жойылды деп тануға келісті.
Енді Қазақстан Республикасында және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерде өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының қырғыз техникасымен бірдей шарттары бар және осындай техниканы Қырғызстанға жеткізген кезде ҚҚС төлеуден босатылады.
Вам может быть интересно: «Лесные пожары бушуют в Турции на фоне продолжающейся жары»