Қасымбек: салғырттық танытқан құрылысшылар ісі қылмыстық тұрғыда қаралады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өз ісіне салғырт қараған құрылыс салушылардың ісі сотқа жіберілетінін мәлім етті, деп хабарлайды әкімнің әлеуметтік желідегі парақшасы

«Бірқатар тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен жергілікті орындарда тікелей кездестім. Олардың үйлері жеке құрылыс салушылардың салдарынан кешіктіріліп жатыр. Мәселен, олар – «Қазанат-2», «София», «Оазис», «Arai apartaments» тұрғын үй кешендері. Кесте бойынша көрсетілген уақыттан кешіктірілгенінен бөлек құжат, қаржыландыру және т.б. бойынша проблемалар бар. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша құрылыс салушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кездесуге парламент мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев қатысты.

Құрылыс салушыларды өзгелердің тағдырына бей-жай қарамауға шақырамын! Егер заңды талаптар орындалмаса әрі заңбұзушылықтар уақытында жөнделмесе, іс сотқа жіберіледі. Материалдар қылмыстық тұрғыда қаралатын болады. Ал нысандар өзге инвесторларға тапсырылады», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте