Қазақстандық полицей қыз әлем чемпионатында жеңіске жетті

 Астана қаласында ересектер арасында белбеу күрестен әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды  Ішкі істер министрлігі.

Сайысқа 10 мемлекеттен 350-ден астам спортшы қатысты. Әлемдік додада Қазақстанның намысын қызылордалық полицей қыз қорғады. Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы Арайлым Оразбай 76 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Ол 5 елден келген спортшылармен күресті. Финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласын аса басымдықпен жеңіп, табандылық пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігер көрсетті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте