Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті алдағы күндері облыс аумағында ауа райы 42 градусқа жететінін ескертті
Ведомствоның мәліметінше, Қазгидрометтің 17 шілдедегі дауылды ескертуі негізінде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 18-19 шілде күндері түстен кейін 42 градус қатты ыстық болуы мүмкін.
Сондай-ақ 18-20 шілде арасында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында 18-19 шілдеде түстен кейін 40-42 градус қатты ыстық болуы ықтимал.
«Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Сіздің аймағыңыздағы дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпарат туралы жедел ақпарат алу үшін «Дармен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз», - деп ескертті ведомстводан.
Вам может быть интересно: «Фьючерсы на пшеницу выросли на 4% после заявлений России об остановке зерновой сделки»