Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тауып, 13 адам ауруханаға жеткізілді
Вице-премьеры Казахстана и Узбекистана обсудили тарифы на транзит муки, угля и продвижение совместных проектов
Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz сайты
Ондағы мәліметтерге қарағанда, Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілде күні сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тасжолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген.
Нәтижесінде 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.
Оқиға орнына бірден Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылығы барды.
Қазір көлік апаты бойынша Бәйдібек аудандық полиция бөлімі полицейлері жұмыс жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Вам может быть интересно: «Министры финансов и главы центробанков G20 обсуждают пути выхода из глобального долгового кризиса»