Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан өрт шықты

Бүгін, 15 шілде күні, Абай облысы ТЖД "Семей орманы" МОТР қызметкерлерінен 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түсті (57 және 58 орамдар).

Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары : облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілді.

Өртті жедел сөндіру жәрдемдесу мақсатында ТЖМ авиациясы жіберілді.

Қазіргі уақытта "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 га құрайды.

Ауа райы: +28 градус, солтүстік-батыс жел 16 м /с.

Өрттің жанында қазіргі уақытта "Шошқала" демалыс аймағы орналасқан. ТЖД және ПД күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, ықтимал түтіндеуге байланысты демалыс аймағынан шығу ұсынылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте