17 шілдеде «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдаудың 4-ші легі басталады
«Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 2023 жылғы 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн түрде қабылданады.
Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс.
Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтижелер бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:
- квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0;
- өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура, докторантура) 9.0-ден кемінде 6.0;
- тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0;
Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.
Вам может быть интересно: «Услуги авиаперевозок взлетели в цене на 29% за год в Казахстане»