Биология бойынша 35-ші Халықаралық олимпиада Қазақстанда өтеді
«Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша Халықаралық
олимпиаданың 4 медалін жеңіп алды. Қанжығада екі күміс және екі қола
медаль», - деп хабарлайды ҚР оқу-ағарту министрлігі.
Қазақстандық оқушылар Эль-Айн қаласында (БАӘ) өткен биология бойынша
34-ші халықаралық Олимпиадада жеңімпаз атанды.
Биологиядан халықаралық олимпиада, яғни IBO – 15 пен 21 жас
аралығындағы мектеп оқушыларына арналған ғылыми жарыс – 1990 жылдан
бастап өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа әлемнің 79 елінен 316 оқушы
жиналды. Қазақстан құрама командасының қатарында Астана және Алматы
қалаларының 4 оқушысы қатысып, барлығы да олимпиаданың жүлделі
орындарын иеленді.
«Медальдар қоржынын екі күміс жүлдемен Омар Дінмұхаммед пен
Бақдәулет Ерназаров толықтырды. Ал, қола медальды Ғалымжан
Бақтыбай мен Ислам Амангелді алды», - дейді «Дарын» РҒПО зияткерлік іс-
шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің
әдіскері Гүлсара Мұқаш.
Халықаралық комитеттің шешімімен биология пәні бойынша 35-ші
Халықаралық олимпиада (IBO–2024) Қазақстанда ұйымдастырылады, біздің
еліміз бұл олимпиаданы алғаш рет өткізеді.
Вам может быть интересно: «В Турции арестовали 22 человека, связанных с ИГ»