Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі анықталды

Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі тәркіленді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметі.

«28 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Меркі» теміржол өткізу пунктінде «Бішкек – Түрксіб» бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында 2 вагоннан акциздік маркалары жоқ темекінің ірі партиясын анықтады.

Аталған жүк ілеспе құжаттарсыз Қырғыз Республикасынан кіргізілген.

Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді», - делінген ведомствоның баспасөз қызметінен.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте