Алматыда жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

 1-2 шілде аралығында Алматы қаласында жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосанов мемориалы халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлайды.

Алматы орталық стадионында өтетін жарыстар әлемдік жеңіл атлетика қауымдастығының элиталы сериясына (қола мәртебесі) кіреді.

Биыл турнирге Қазақстан, Қытай, Үндістан, Таиланд, Иран, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Армения, Әзербайжан және Грузия спортшылары қатысады.

Стадионға кіру тегін.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте