Елімізде Азаматтық авиация күні мерекесі бекітілмек

Қазақстанда жаңа мереке, яғни Азаматтық авиация күні бекітілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні – 1 ақпан», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің түсіндірмесіне сай, бұл мерекені бекіту бастамасын биыл ақпанда ҚР азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі ұсынған.

«Аталған жобаның мақсаты - Қазақстан Республикасында Азаматтық авиацияның ресми мереке күнін бекіту», - деп түсіндірме берілген қаулыға.

Құжат 11 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте