Қазақстан жаңалықтар
24 июня 2023, 16:06
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі.
Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.
Вам может быть интересно: «Алматы облысында айналымнан шыққан 57 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes