Елорда тұрғындары мен қонақтары Астананың 25 жылдығына арналған жаппай веложарысқа шақырылады. Іс-шара 25 маусым күні өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жарыс Қосшы қаласы бағытындағы айналма веложолдан басталады. 25 шақырым қашықтықтан кейін Үркер (Ильинка) елді мекеніне барар жолдағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.
Веложарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу: сағат 8:00 - 8:30. Басталуы – 9:00.
Әрбір қатысушы жарысқа өз велосипедімен жіберіледі.
Жарыс аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Вам может быть интересно: «30 человек эвакуировали из горящего магазина в Усть-Каменогорске»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes