Қаңтар оқиғасында ұрланған тапаншалардың бірі Жетісу облысынан табылды

Жетісу облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған тағы бір орын анықталды, деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналы.

13 маусымда Сарқан қаласының маңында Жетісу облысы ПД ҰҚККБ жедел қызметкерлері мен ҰҚКД қызметкерлерінің күшімен қару-жарақ сақталған орын анықталды. Полиэтилен пакетке оралған атыс қаруы мен оқ-дәрілер Сарқан-Екіаша автожолының 5-шақырымында суармалы арықтан табылған.

«7 патронмен жарақтандырылған «Байкал» тапаншасы, бір ауызды аңшылық мылтығы, 12 калибрлі шолақ мылтық, маркасы белгіленбеген, сериялық нөмірлері жоқ газ тапаншасы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 105 патрон тәркіленді. «Байкал» тапаншасы 2022 жылы Талдықорған қаласында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды», - деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚККБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте