Ақтөбе облысында мұнайды заңсыз өндірген компания басшылығы қамалды
Ақтөбе облысында консервациялануға тиіс болған кеніштен мұнай өндіріп келген компанияның басшылығы қамауға алынды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысында мұнай кен орнында шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз шикі мұнайды заңсыз өндіру, өңдеу және сақтау фактісінің жолы кесілді.
ҚМА аумақтық департаменті анықтағандай, компания заңсыз мұнай өндіруді 2022 жылдан бері консервациялануға тиіс мұнай кенішінде жүргізген.
Қазіргі уақытта компания бас директорының орынбасары қамауға алынып, сот шешімімен оған қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Вам может быть интересно: «По меньшей мере 103 человека погибли в результате крушения судна в центральной части Нигерии»