Астанада жол жұмыстарынан 11 автобус бағытына өзгеріс енгізілді

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 11 қоғамдық көлік қозғалысын өзгертті, деп хабарлайды «City Transportation Systems» ЖШС

«Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №12, 26, 32, 35, 46, 50, 53, 54, 300, 305 және 312-бағдарлары Қорғалжын тасжолынан Сарайшық көшесіне қарай бағытта, Тұран даңғылындағы «KeruenCity» және «Сарыарқа» сауда, ойын-сауық орталықтары аялдамаларына уақытша тоқтамайды.

Қозғалыс сызбасымен төмендегі суретте таныс болуға болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жол жұмыстарына байланысты 10-20 маусым аралығында Тұран даңғылының Сарайшық көшесінен бастап Қорғалжын тасжолына дейінгі учаскесі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылады.

Сондай-ақ 20 маусымға дейін қозғалыс Мәңгілік ел даңғылының Ә.Кекілбаев көшесінен Ф.Оңғарсынова көшесіне дейінгі учаскесінде шектеледі.

Ал 16 маусымға дейін Жәнібек Тархан көшесінің Асан Қайғы көшесінен Ахмет Жұбанов көшесіне дейінгі аралығы толығымен жабылады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте