Захар Комаров Қостанай облысы Тобыл қаласының әкімі болып сайланды
Кеше, 11 маусымда Қостанай ауданы Тобыл қаласының әкімін сайлау өтті
Өңір әкімдігінің мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 19 174 дауыс беруші енгізілді. Дегенмен олардың 10 580-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 179, «Барлығына қарсымын» белгісін таңдағандар – 1 032.
«Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Комаров З.К. – 7 504, Рыкунов Д.А. – 802, Тупкало О.В. – 1 063.
Сайлау нәтижесі бойынша Тобыл қаласының әкімі болып Комаров Захар Константинович сайланды. Ол 1988 жылы туған, бұған дейін Тобыл қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен. Захар Комаров сайлауда кандидат ретінде өзін-өзі ұсынды», - делінген әкімдік сайтында жарияланған Қостанай аудандық сайлау комиссиясының хабарламасында.
Еске сала кетейік, Президент былтыр 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2024 жылы аудан әкімдерін сайлаудың пилоттық жобасы енгізілетінін мәлімдеп еді.
Вам может быть интересно: «Алан Курмангалиев уступил в 1/4 финала турнира по настольному теннису в Швеции»