Ұлттық банк доллардың бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 9 маусымға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 444,85 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,42 теңге.

9 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,81 теңгеге төмендеп, 444, 75 теңге болған.

Ресей валютасы 5,42 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442,5 – 446,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 443,5– 447,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,35 – 5,57 теңгеге сатып алуға болады.

Астанада көрші ел валютасы 5, 3 – 5,42 теңгеден саудаланып жатыр.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте