Екатеринбург – Алматы трассасындағы жол апатынан 3 адам зардап шекті
Ақмола облысында жол апатынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 8 маусым күні Аршалы ауданының аумағында «Екатеринбург – Алматы» автожолында болған.
«Анықталғандай, «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін және қашықтықты сақтамай, алда жүріп бара жатқан «КамАЗ» жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушысы зардап шекті», – деді ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов.
photo
Осы ретте, тәртіп сақшылары ақмолалықтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, көлік құралын шаршаған күйде басқармауды, сондай-ақ автокөліктің жолға жарамдылығын тексеріп тұруды сұрайды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмып, екі адам ауруханаға түскен болатын.
Вам может быть интересно: «Германия примет крупнейшие военно-воздушные учения НАТО»