Masdar компаниясы Жамбыл облысында жел электр станцияларын салады

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Менилбекова «Masdar» Бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Рамахимен кездесті, онда келіссөздер барысында тараптар компанияның Жамбыл облысында жел электр станцияларын салу жоспарын растады.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша тараптар ү. ж. 8-9 маусымында өтетін Астана халықаралық форумы барысында «Masdar» Қазақстанның мемлекеттік органдарымен жобаны жүзеге асыру бойынша жол картасына қол қояды деп уағдаластыққа қол жеткізілді.

2006 жылы құрылған «Masdar» компаниясы жаңартылатын энергия көздері және тұрақты даму саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте