Елге жұмыс тауып берумен айналысатын агенттіктердің қызмет көлемі 7 пайызға өсті
Елімізде рекрутинг агенттіктерінің қызмет көлемі 7% өсті, деп хабарлайды ұлттық статбюро.
2023 жылғы қаңтар-наурызда халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілген қызмет көлемі 123,7 млрд теңгені құрады.
2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көлемі 7% өсті.
Оның ішінде 1,2 млрд теңгенің қызметін немесе бүкіл көлемнің 1% жеке кәсіпкерлер, қалғанын кәсіпорындар көрсеткен.
Жалпы кадрлық қызметтердің 4,2%, яғни 5,2 млрд тг ауылдық жерде көрсетілген.
Қызметтердің басым бөлігі Атырау (91,8 млрд тг), Маңғыстау (6,3 млрд тг) және Батыс Қазақстан облыстарында (5,1 млрд тг) көрсетілген.
Қызметтердің ең аз көлемі Солтүстік Қазақстан облысында – 58,9 мың тг.
Жұмысқа орналастыру қызметіне тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыру жөніндегі кадр агенттіктерінің қызметі, еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету жөніндегі өзге де қызметтер кіретінін атап өтеміз.
Вам может быть интересно: «Парламент Украины поддержал введение санкций против Ирана на 50 лет»