Қызылорда облысы ҰҚҚКБ жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ВАЗ автокөлігімен қарақұйрықтың ұшасын заңсыз тасымалдаған екі қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналы.
Автокөлікті тексеру барысында айғақты зат ретінде 3 қарақұйрықтың ұшасы тәркіленді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабымен («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Вам может быть интересно: «Евросоюз вновь призвал Пекин сыграть конструктивную роль в установлении мира в Украине»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes