Қазақстан мен Сауд Арабиясы қорғаныс ведомстволары арасында байланыс орнатылуда

Астанаға Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры бригадалық генерал Юсеф бин Абдулрахман әл-Тассан бастаған Сауд Арабиясы Корольдігі Қорғаныс министрлігінің делегациясы келді.

Іс-шараға Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Фейсал Ханиф әл-Кахтани қатысты.

Қорғаныс министрлігінде делегацияны Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов қабылдады. Сондай-ақ кеңейтілген құрамда Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайыновпен кездесу өтті.

Тараптар әскери білім мен ғылым, жауынгерлік дайындық және әскери-техникалық салада әскери ынтымақтастық орнату мүмкіндігін талқылады. Кездесуге қатысушылар атап өткендей, қорғаныс ведомстволары арасында қарым-қатынас орнатудың алғашқы қадамы тиісті құқықтық базаны құру болмақ.

Шетелдік қонақтар Ұлттық қорғаныс университеті мен Қарулы күштердің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайында болды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте