Арман Жудебаев назначен председателем Комитета культуры Министерства культуры и спорта РК
Доха қаласында өтіп жатқан ІІІ Қатар экономикалық форумында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қатар Әмірі шейх Тәмим бин Хамад Әл Тәни кездесті, деп хабарлайдыпремьер-министр сайты.
Әлихан Смайылов Қатар Әміріне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ізгі тілегін жеткізіп, дүниежүзі қоғамдастығының назарын аударған футболдан Әлем чемпионатының сәтті өтуімен құттықтады.
Премьер-министр Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Мұның дәлелі – өзара сауда мен инвестициялар саласындағы жоғары көрсеткіштер екенін жеткізді. Мәселен, биылғы бірінші тоқсанда екіжақты тауар айналымы көлемі 17,7 есе өссе, 2022 жылдың қорытындысы бойынша республикаға құйылған Қатар инвестицияларының көлемі – 3 есе артқан.
«Бұл ретте біз өзара сауда көлемін одан әрі ұлғайту бойынша бұдан да жоғары әлеуеттің барын көріп отырмыз. Осыған байланысты Қатарға 60 тауар позициясы бойынша қазақстандық өнімнің экспортын шамамен $243 млн-ға ұлғайтуды ұсындық. Сонымен қатар біз инвестициялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделіміз», - деді Үкімет басшысы.
Осы тұрғыда ҚР премьер-министрі Qatar Investment Authority мен «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорлары арасындағы ынтымақтастықтың және Бірлескен тікелей инвестициялар қорын құру жоспарларының маңыздылығын атап өтті.
Өз тарапынан шейх Тәмим бин Хамад Әл Тәни басым бағыттардың барлығы бойынша екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екенін растады.
Вам может быть интересно: «США не планируют снимать санкции с министра обороны Китая»