Қазақстан жаңалықтар
23 мая 2023, 14:21
ШҚО-да жалған нөмірмен 46 рет жол ережесін бұзған жүргізушіге сот үкімі шықты
Өскемен көшелерінде жалған нөмірмен жүрген Lexus автокөлігінің жүргізушісіне сот үкім шығарды, деп хабарлайды ІІМ.
19 мамыр күні полицейлер жүргізушіні ұстап, оның көлігіне 2,2 млн теңге айыппұл салынғанын анықтаған болатын. Ол 46 рет жол ережесін бұзған.
Ведомства баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 мамыр әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 29 жастағы тұрғынды ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және бір жыл көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолдансын деп шешім шығарды.
Вам может быть интересно: «По меньшей мере 18 мирных жителей погибли в результате нападения в центральной части Нигерии»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes