Астанада тағы екі көше жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Қалалық мониторинг орталығы.
Атап айтқанда, С.Бейбарыс көшесінен Ақан Сері көшесіне дейінгі Қараменде би Шәкәұлы көшесіндегі жолға орташа жөндеу жұмыстары басталды. Осыған байланысты 23 мамыр – 5 мамыр аралығында бұл учаскеде көлік қозғалысына ішінара тыйым салынатын болады.
Сондай-ақ Абай даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі Бейбітшілік көшесінде орташа жөндеу жүріп жатыр. Бұл учаскедегі автожол 1 маусымға дейін қозғалыс үшін толығымен жабылады.
Бұған дейін 3 көшедегі жол жөндеу жұмыстары туралы жазған болатынбыз.
Вам может быть интересно: «Опыт Википедии может быть использован при принятии решений об искусственном интеллекте»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes