Қазақстанға құны 2,4 млрд теңге тұратын электронды темекіні заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Қазақстанға заңсыз ірі көлемде электронды темекі өткізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірге «Достық» автокөліктік өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында жүк көліктеріне тиелген ілеспе құжаттары жоқ ірі көлемдегі электрондық темекіні кіргізуге әрекеттенген үш Қазақстан азаматын ұстады.

Тәркіленген тауардың құны алдын ала есеп бойынша 2,4 млрд теңгені құрайды.

«Аталған адамдар мен жүктері одан әрі тексеруді жүргізу үшін Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық бөлімшесіне берілді»,-делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте