21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколовка ауылының маңындағы Есіл - Петропавл автожолының 39 шақырымында Toyota Land Cruiser және Toyota Alphard автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Оқиғаның салдарынан 6 адам зардап шекті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, екі жүргізуші де мас емес. Көлік құралдары мамандандырылған автотұраққа орналастырылды.
«Жол-көлік оқиғасы фактісі 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды»,-делінген хабарамада.
Вам может быть интересно: «Министр иностранных дел Дании: Индия, Китай и Бразилия должны участвовать в возможном мирном саммите по Украине»