Мемлекет басшысы Сингапурдың президентін Достық орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың Президенті Халима Якобты «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

«Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы және Сингапур Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Сингапур Президенті Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді», - деп жазды ақпарат көзі.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте