Ақордада Сингапур президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Сингапур президенті Халима Якобты Ақордада салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Сингапурдың Әнұрандары орындалды.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.

Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте