Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары АҚШ-тың Даллас қаласында өтіп жатқан әлемдегі ең беделді ғылыми жоба байқауларының бірі – Халықаралық ғылым және технология жәрмеңкесінен жүлде алды, NIS баспасөз қызметі деп хабарлайды.
Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Медет және Сағын Жұмаділдаевтар «Математика» секциясы бойынша II орынды еншілеп, 1000$ көлемінде сыйақы алды. Ағайынды өнертапқыштар «L-тромино-плиткалары» жобасын ұсынды.
Сондай-ақ байқауға Көкшетаудағы Зияткерлік мектептің оқушысы Асылхан Қали де қатысып, «Aq Zhol» жобасын таныстырды. Бұл –жүргізушінің халі мен мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік беретін бейнетіркегіш және жол-көлік оқиғаларынының санын азайтуға бағытталған.
International Science and Engineering Fair – 13 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған STEM жобалардың дүниежүзілік байқауы. Халықаралық шара жыл сайын өтеді және әлемнің 100 елінен келген 2000 оқушының арасынан үздіктерді анықтайды.
Вам может быть интересно: «В Казахстане охват антиретровирусной терапией пациентов с ВИЧ увеличился в 19 раз за 12 лет»