Маңғыстау облысында іс-сапармен жүрген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Yessenov университетінде жергілікті жастармен кездесті, ҚР АҚДМ баспасөз қызметі деп хабарлайды.
«Мемлекет басшысы жастардың әлеуметтік жағдайын көтеріп, мүмкіндіктерін арттыруға үнемі баса назар аударып келеді. Соның бір көрінісін Маңғыстаудан көреміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар саясаты саласында бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Басты жаңалықтың бірі жастар туралы заң қабылданды.
Жастар прогресінің жаһандық индексі деректері бойынша Қазақстан 63 орыннан 54 орынға көтерілді. Жастар саясаты саласында NEET санатындағы жастар ерекше назар аударуды талап етеді»,- деді министр.
Вам может быть интересно: «Еврокомиссия: новые антироссийские санкции затронут около 90 компаний в разных странах»