Балайым Кесебаева Алматы қаласының Әділет департаментіне басшысы болды

 ҚР Әділет министрлігінің бұйрығымен Балайым Кесебаева Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы өңірлік ведомствоның сайты.

Балайым Туғанбайқызы Кесебаева 1966 жылы туған.

Талдықорған заң техникумын, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

- Шымкент облыстық атқару комитетінің әділет бөлімінде кеңсе меңгерушісі (1985-1988);

- Алматы қаласы, «Шаһар» сәулет-жобалау кооперативінің кеңсе қызметкері (1993-1994);

- Әділет министрлігінде кеңесші, бас кеңесші, бас маман, бөлім бастығы (1994-1998);

- Қызылорда облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары (1999-2002);

- Маңғыстау облысы Әділет департаментінің бастығы (2002-2004);

- Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаментінің директоры (2004-2009);

- Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы (2009-2016);

- VI сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты;

- VII сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, төраға орынбасары (14.012021-19.01.2023)

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте