Үкіметте 2023-2025 жылдары жүргізілетін іргелі ғылыми зерттеулер талқыланды
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, салалық ұйымдар, жоғары оқу орындары басшыларының және парламент депутаттарының қатысуымен Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Қатысушылар ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 2023-2025 және 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық тапсырмаларды, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру жоспары қаралды.
Вам может быть интересно: «США выразили поддержку Международному уголовному суду»