Қазақстан жаңалықтар
18 мая 2023, 21:58
Ресейден 50 млн теңгенің темекісін заңсыз әкеле жатқан шетел азаматы ұсталды
Ресейден 205 қорап темекіні заңсыз әкеле жатқан шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
17 мамырда «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері шетел азаматы тізгіндеген жүк көлігін тоқтатқан.
Оны тексеру барысында акциздік маркілері мен ілеспе құжаты жоқ 205 қораптағы темекіні анықтады.
Тәркіленген тауардың құны алдын ала есеп бойынша 50 млн теңгеден асады.
Заң бұзушы мен анықталған жүк аймақтық экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.
Вам может быть интересно: «Shein привлек $2 млрд в ходе инвестраунда при оценке на треть ниже предыдущей»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes