Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-да Сиань политехникалық университетінің филиалы ашылады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды  Ақорда.

Олардың арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті (ҚазҰУ) мен Сиань Солтүстік-Батыс политехникалық университеті (ССБПУ) арасындағы ҚазҰУ жанынан ССБПУ филиалын ашу туралы келісім бар.

Бұдан бөлек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қытай мұнай университетімен ынтымақтастық орнату туралы келісім жасасты.

Сондай-ақ қазақстандық тағы бір ЖОО – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Қытай Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылықтары университетімен ынтымақтастық жөнінде келісті.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз барысында: «ҚХР-да техникалық білім сапасы жоғары екенін ескере отырып, Қазақстанда Қытайдың ірі жоғары оқу орындарының бірінің филиалын ашуға мүдделі екенімізді тағы да атап өткім келеді», - деп атап өткен болатын.

Қол қойылған құжаттар арасында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім» бар.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте