Алдағы үш күнде жел күшейіп, нөсер жауын жауады

 Қазгидромет синоптиктері 18-20 мамыр аралығына арналған үш күндік ауа райы болжаимын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына Оңтүстік циклон және содан туатын атмосфералық фронттар әсер етеді.

Осыған байланысты ел аумағында жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай жарқылдайды.

18-20 мамырда - солтүстік-батыста, орталықта, 18-19 мамырда - оңтүстікте, 18-20 мамырда - еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді.

Қазақстан бойынша температуралық фон жоғарылайды.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік жүреді.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте