Абай облысында ет өнімдерін шығаратын екі кәсіпорын іске қосылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі
Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтің айтуынша, биыл Семейде өндірістік қуаты жылына 600 тонна дайын өнім шығаратын «Ықылас Инвест» ет консерві зауытын іске қосу жоспарланып отыр.
Келесі жылы өндірістік қуаты жылына 12,6 мың тоннаны құрайтын «Еуразия Агро Семей» кәсіпорны жұмыс істей бастайды.
Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.
«Біздің облыста 39 бордақылау алаңы мен үш шұжық цехы жұмыс істейді. Мәселен, Бородулиха ауданында жылдық қуаты 375 тонна дайын ет өнімдерін шығаратын цех бар. Семейде қуаттылығы жылына 100 тонна «Қаликанұлы» цехы жұмыс істейді. «АРАЙ East Food» цехы Моңғолиядан шикізат әкеледі. Цехтың өндірістік қуаты - жылына 3650 тонна. Алайда ірі көлемдегі қайта өңдеу кәсіпорындарының тапшылығы әлі де сақталып отыр», - дейді Айдын Кәрімов.
Мұндай ет комбинаты алдағы уақытта өңірдің аудандарында да салынады.
Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Ақсуат ауданына жасаған жұмыс сапары барысында айтқан болатын.
«Мұндай кәсіпорындардың құрылысын салуға Ақсуат, Абай және Жарма аудандарына 18 млрд теңге бөлінді. Әрине, ешбір тауар өндіруші өнімді әдейі арзан бағаға сатып, шығынмен жұмыс істемейді. Бұл мәселелерді шешу жоспарымызда бар» дейді аймақ басшысы.
Вам может быть интересно: «Reuters: Лидеры «Большой семерки» намерены ужесточить санкции против России»