Маңғыстауда Торыш шатқалынан шар тәріздес тастарды алып кеткендер анықталды

Маңғыстауда Торыш шатқалынан шар тәріздес тастарды алып кеткен. Бұл оқиға әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Полиция қызметкерлері шар тәріздес тастарды алып кеткендердің жеке басын анықтады. Құқық бұзушыларға профилактикалық әңгіме жүргізілді. Тастар қайтадан орнына қайтарылатын болады», - делінген баспасөз мәліметінде.

Айта кету керек, Торыш – шар тәрiздi конкрециялар (шарлар) алқабы. Маңғыстау облысының ең көрікті жерлерінің бірі.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте