Руководство управления архитектуры, градостроительства и земельных отношений Шымкента подозревается в коррупции
Демалыс күндері республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМҚ.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы күн райы қалыптасады: күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады.
Жоғары атмосфералық қысым Қазақстанның солтүстік және орталық бөліктеріне ықпалын сақтайды: күн ашық әрі жауын-шашынсыз. Бұл ретте, ауа температурасының жоғарылауы жалғасады. Түнде елдің көп бөлігінде 1-7 градус үсік сақталады.
Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болжанады.
Вам может быть интересно: «ООН призвала выделить дополнительные средства для спасения танкера у берегов Йемена»