Президент Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шараға қатысады

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік шараға қатысады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Еске салайық, 7 мамыр - ҚР Қарулы Күштерінің құрылған күні. Бұл күнді қазақстандықтар Отан қорғаушы күні ретінде жыл сайын атап өтеді.

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ ССР Мемлекеттік қорғаныс комитеті жасақталды. Кейін ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте