Юрий Ильин азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы айтты

«Мемлекет басшысының қолдауының арқасында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Бірінші кезекте қарапайым өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың 70% - ға дейін көтерілді, қазір өрт сөндірушінің орташа жалақысы жүз жиырма мың теңгеден екі жүз мың теңгеге дейін өсті. Сәуір айында үш айға қайта есептеу жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз орталығы.

Қол жеткізілген осы көрсеткіштерде тоқталмай, біз құтқарушылардың жалақысын одан әрі арттыру үшін жұмыс жасайтын боламыз», - деп елорда тұрғындарымен есептік кездесу барысында Қазақстанның ТЖ министрі Ю.Ильин айтты.

Сонымен қатар, министрлік 2027 жылға дейінгі кешенді жоспар әзірледі. Негізгі іс-шаралардың бірі-азаматтық қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін жақсарту. Бұл тұрғын үй және көтермелеу төлемдері, сондай-ақ кезекшілікті жүзеге асыру кезіндегі тәуліктік рациондар.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте