Алматы саябағында мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды
Алматыда саябақта мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматы қалалық Полиция департаменті Шолохов көшесіндегі саябақта мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын хабарлайды.
Сотт санкциясымен 1962 жылы туған азамат И. қамауға алынды. Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыстың жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды.
Қазір Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындады», - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің (ҚР ҚПК) 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге мәлімет жария етілмеді.
Полиция еске салып өткендей, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, әрбір адам сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз болады.
Вам может быть интересно: «Пустой участок песчаной насыпи в Дубае продали за рекордные $34 млн»