HAS Holding қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың қылмыстық схемасы тергеліп жатыр

«HAS Holding» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың заңсыз әрекетін Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысындағы департаменті тексеріп жатыр, деп хабарлайды  ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған қаржы пирамидасы өзін инвестициялық компания ретінде таныстырған. Ұйымдастырушылар азаматтардың сеніміне кіріп, салынған сомадан 70 пайызға дейін ай сайын пассивті кіріс келіп тұратынына сендіріп, ақшаларын түрлі жобаларға салуға көндірген.

Бұған дейін Павлодар облысында «HAS Holding» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылғаны хабарланған болатын.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте