Президент Медициналық сақтандыру қорының өңірлік филиалдары қызметіне тексеру жүргізуді тапсырды
Новое жилье, модернизация автодорог и крупные ж/д-проекты: Смаилов обозначил «инфраструктурные» планы правительства
Медициналық сақтандыру қорының өңірлік филиалдары қызметіне тексеру жүргізу қажет. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты
«Өткен жылдың соңында ел стационарлары қаражаттың қатты тапшылығын бастан кешірді. Бұл қаражаттың шынымен де маңызды бағыттарға бағытталмағанын білдіреді. Үкіметке өңір әкімдерімен бірге Медициналық сақтандыру қорының өңірлік филиалдарының қызметіне тексеру жүргізуі қажет», - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесінде де жемқорлық тәуекелдері сақталып отырғанын баса айтты.
«Бұған жоспарлаудың тиімсіз жүйесі сеп болып отыр. Медицина ұйымдары әлі күнге дейін қажетті дәрілік заттарда «қолмен» қалыптастырады. Медициналық техника бағасын айтарлықтай көтермелеу де жиі кездесетін жайт. Денсаулық сақтаудың интеграцияланған платформасын іске қосу мәселесі әлі шешілмеген. Жұмыс жүргзіліп жатыр, Үкіметтің де жоспары үлкен. Бірақ, тиімді әрі жедел жүзеге асыру маңызды», - деді президент.
Вам может быть интересно: «Если на рынке труда в Афганистане не будет женщин, страна не вырвется из бедности»