Әлім Байел Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Дәуренұлы Байел Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әлім Дәуренұлы Байел – 1984 жылғы 16 қаңтарда дүниеге келген. Таяу Шығыс техникалық университетін (Анкара қ., Түркия) бизнес-әкімшілік мамандығы бойынша тәмамдаған. Джордж Вашингтон университетінің (Вашингтон қ., АҚШ) мемлекеттік басқару саласындағы магистратурасын бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте