Бомба туралы жалған ақпараттың кесірінен Air Astana ұшағы 6,5 сағатқа кешігіп ұшты

Астана-Алматы бағытындағы KC996 рейсінде жолаушылардың бірі экипажға ұшақта бомба бар екенін айтқан, деп хабарлайды  Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.

Жолаушылар мен экипаж штатты режимде эвакуацияланды.

Әуе кемесі тексерілді. Рейс 6 сағат 29 минутқа кешікті.

Әуе компаниясы аталған рейстің жолаушыларын тамақпен қамтамасыз етті.

Бомба туралы ақпарат расталмады. Жалған ақпарат таратқан жолаушы құқық қорғау органдарына беріліп, 273-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте