Футбол: Кахабер Цхададзе «Каспийдің» бас бапкері қызметінен кетті

 Футболдан грузиялық маман Кахабер Цхададзе Ақтаудың «Каспий» командасы бас бапкері қызметінен кетті. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Құрметті жанкүйерлер, екі тараптың келісімі бойынша бас бапкері Кахабер Цхададзе командамыздан кеткенін хабарлаймыз. Алдағы уақытта сәттілік тілейміз және бізбен бірге болғаныңызға рахмет айтамыз», - деп жазылған хабарламада.

Грузиялық маман ақтаулық клубқа биылғы жылы бас бапкер қызметіне келді.

Команда Премьер-лиганың бес турының барлығында жеңіліс тапты. Турнир кестесінде соңғы орында тұр. Қарсыластар қақпасына небәрі төрт гол соғып, өз қақпасына он үш гол жіберіп алған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте