Қазақстан жаңалықтар
13 апреля 2023, 14:21
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасары тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бірқатар тағайындау жасалды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды;
Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Вам может быть интересно: «Глава Минфина США призвала продолжить помогать Украине»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes