Медеуден Шымбұлаққа баратын жолда 20 текше метр тас құлады

Медеуден Шымбұлаққа баратын жолда 20 текше метр тас құлаған. Қазір жол жабық, деп хабарлайды  Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

11 сәуір түнде «Қазселденқорғау» ММ Алматы өндірістік қалалық пайдалану басқармасының филиалынан жауапты учаскеде (бекет бөгет жотасында орналасқан) болған «Қазселденқорғау» маманының «Мохнатка» тауы маңында, Медеу бөгетінің тұсынан 300 м жоғары (Медеу Шымбұлаққа барар жолда) жағында көлемі шамамен 20м3 тас опырылып түскенін анықтағаны туралы хабарлама түсті.

Жауын-шашын мен көшкін қаупіне байланысты алдын ала қойылған блокбекеттердің арқасында адамдардың зардап шегуіне жол берілмеді.

Тастардың көп бөлігі қорғаныс қабырғасының ішінде құлаған, алайда қорғаныс қабырғасы, сондай-ақ қорғаныс торлары зақымданған, 2 тіреу майысқан.

Таудан тастардың қайта құлау қауіпіне байланысты «Қазселденқорғау» ММ мамандары «Медеу» табиғи паркі КММ автожол учаскесін толық жабу туралы ұсынымдар берді.

Қазіргі уақытта жол (Медеу-Шымбұлақ) жабылды. Жұмыстарды қала қызметтері жүргізіп жатыр.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте